Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында дауыс берді

Azattyq Rýhy

Ол Астана қаласындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді

 

Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында дауыс берді

Мемлекет басшысы елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, кезектен тыс өтіп жатқан президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Журналистер алдында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы еліміз үшін тарихи күн екенін атап өтті.

«Бүгін – өте маңызды, тарихи күн. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беріп отырмыз. Шын мәнінде, биыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтардың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар. Атқаратын жұмыс әлі де көп. Саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Жазда жалпыұлттық референдум өтті. Енді, міне кезектен тыс Президент сайлауы өткізіліп жатыр. Келешекте бұл жұмыстар жалғаса береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне алты кандидатты тіркеді:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев – «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан және Қазақстан халық партиясынан;
  • Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;
  • Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
  • Салтанат Тұрсынбеков – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
  • Мейрам Қажыкен – «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен;
  • Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП).
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.