Шетелдегі барлық сайлау учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған - СІМ

Автор: Azattyq Rýhy

Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды 

Фото: ашық дереккөзден

Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Ең бірінші болып қазақстандықтар Жапония мен Кореяда дауыс беруге мүмкіндігі бар. 

Токиода #261 және Сеулде #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.