Елімізде 10 033 учаске және ҚР шетелдегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті

Azattyq Rýhy

Республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар

Елімізде 10 033 учаске және ҚР шетелдегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті

Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10033 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Шетелдегі 51 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.

Республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.

86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 8.00-де дауыс беруге кірісті.

Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн 950 мың 485.

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 22578 есептен шығару куәлігін берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.