Елімізде 8150 учаскеде дауыс беру басталды

Azattyq Rýhy

86 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды

Елімізде 8150 учаскеде дауыс беру басталды

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 7.15-тегі жағдай бойынша  өңірде 8150 учаске дауыс беруге кірісті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 11 шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 12 учаске дауыс беруге кірісті.

«Республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.

86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі», - делінген хабарламада.

Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн 950 мың 485.

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 22578 есептен шығару куәлігін берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.