Қазақ-өзбек демаркациялық комиссиясының 100-ші отырысы өтті
Тараптар шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларын қол қоюға дайындады
Ташкент қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған Шартқа қосымша болып табылатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады.
Сонымен қатар тараптар Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.
Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті.