Қарағандыда суықта жолда қалған жолаушыларға вокзал қызметкерлері ыстық бәліш таратты
Жол учаскесінде қозғалыс тоқтап қалғандықтан, жолаушылар 4 сағат бойы пойыз күтуге мәжбүр болған
Қарағанды теміржол вокзалының қызметкерлері апат салдарынан бірнеше сағат бойы пойыз күткен халыққа бәліш таратып, ыстық тамақпен тамақтандырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желіде тараған видео авторының айтуынша, 17 қарашада таңертең 14 жүк вагонының рельстен шығып кетуіне байланысты аталған жол учаскесінде қозғалыс тоқтап қалғандықтан, жолаушылар сағаттар бойы жолда қалған.
Әсіресе кешкі пойыздардың біріндегі жолаушыларға Қарағандыда төрт сағаттан астам уақыт бойы күтіп тұруға тура келген. Күннің суығында әбден тоңып, қалжырап шаршаған адамдарды вокзал қызметкерлері ыстық бәлішпен ттамақтандырған.
Желідегі видео астында пікір қалдырған қазақстандықтар теміржол қызметкерлерінің мейірімді әрекетіне риза болып, жылы тілектерін қалдырып жатыр.