$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент сайлауы: елімізде дауыс беруге қанша учаске дайын?

Өңірлердегі 155 сайлау учаскесі тексерілген

Президент сайлауы: елімізде дауыс беруге қанша учаске дайын?
Фото: ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен және менің әріптестерім барлық өңірге 16 қарашаға дейін барып үлгердік. Дауыс беру күніне дайындықты тексеру бойынша ОСК мүшелері инспекциялық сапармен елдің 20 аймағын, оның ішінде 53 қала мен ауданды аралады. Сапар барысында 155 сайлау учаскесін техникалық жарақтандыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасау, жергілікті деңгейде оқыту тексерілді», - деді Әбдіров.

Оның айтуынша, сайлау орындарының 20 қарашада өтетін сайлауға толық дайындығы тексерілген.

«Барлық деңгейдегі сайлау учаскелері үлкен дайындық жүргізді деп айта аламыз. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары шешімімен 86 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:00-де басталады. Оның ішінде 47-сі азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі учаскелер. Сағат 20:00-ден кейін дауыс берудің аяқталу уақытын белгілеу бойынша шешім қабылданбады. Әскери бөлімдер мен стационарлық мекемелерде, шалғайдағы елдімекендерде, демалыс үйлерінде, тергеу және уақытша ұстау изоляторында, елдің шетелдегі өкілдіктерінің жанынан құрылған 512 сайлау учаскесінің сайлау комиссиялары тізімге енгізілген барлық сайлаушы дауыс берсе, кез келген уақытта сайлау аяқталды деп бере алады», - деді ол.

20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Серіктес жаңалықтары