$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Астық келісімі» ресми түрде 120 күнге ұзартылды

Қазан айының соңында Мәскеу келісімнен шыққанын мәлімдеген болатын

«Астық келісімі» ресми түрде 120 күнге ұзартылды
Фото ашық дереккөзден

«Астық келісімі» ресми түрде бұрынғы шарттармен 120 күнге ұзартылды. Қолданыстағы келісімнің мерзімі жұмада аяқталған еді.

Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ өкілдері 22 Шілдеде Ыстамбұлда екі құжат пакетіне қол қойды.

Біріншісі БҰҰ-ның ресейлік тыңайтқыштар мен ауылшаруашылық өнімдерін әлемдік нарықтарға экспорттауға шектеулерді алып тастау міндеттемесі туралы болды. Екіншісі украин астығын Қара теңіздегі порттардан шығару алгоритмін анықтады.

Қазан айының соңында Севастопольдегі ресейлік кемелерге жасалған шабуылға жауап ретінде Мәскеу келісімнен шыққанын мәлімдеген болатын, бірақ 5 күннен кейін шешімін өзгертті.

Мәмілені іске асыру басталғаннан бері теңіз гуманитарлық дәлізі бойынша 11 млн тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі әкетілді.

Серіктес жаңалықтары