Қазақстандағы министрлердің жалақысы қанша
Олардың жалақысы еңбек өтіліне байланысты болады
ҚР Парламенті Сенатының кулуарларында Қаржы министрі-Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақы мөлшері еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты болады.
«Барлығы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, ең азы 500-600 мың теңге. Өтілге байланысты 1,5 – 1,7 млн теңгеге дейін жетеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ, журналистер одан Премьер-министрдің жалақысын сұрады.
Министрлер кабинеті басшысының жалақысына қатысты Қаржы министрі рұқсатсыз жауап бере алмайтынын айтты.
«Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, мен айтамын... Мен дәл қазір айта алмаймын», - деді Ерұлан Жамаубаев.