$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Электромобильдерді Қазақстан арқылы Ресейге сатуға бола ма?

Заңды тұлғалардың электромобильдерді әкелуі кезінде кедендік төлемдерден ғана босату қарастырылған, ал салықтарды төлеулері қажет

Электромобильдерді Қазақстан арқылы Ресейге сатуға бола ма?
Фото: ашық дереккөзден

Жеке тұлғалар электромобильді импорттау кезінде кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатылады. Яғни, бір ғана электромобильді әкелуге рұқсат. Ал көліктерді Ресейге сатуға тыйым салынған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, басты талап жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері болуы қажет.

«Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салу түріндегі шектеулер қойылады.

Азаматтар жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тапсыру үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып өзі, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады (егер электромобиль Қытайдан әкелінген болса CMR, ТТН, сатып алу келісім шарты/инвоис, көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік, тех.паспорты, экспорттық декларация).

Сондай-ақ уақытыңыз болмаған жағдайда кеден өкілдерімен, яғни брокерлік компаниялармен шарт жасасу арқылы қызметтерін пайдалануға мүмкіндігіңіз бар»,-делінген Кірісер  комитетінің хабарламасында.

Ал заңды тұлғалардың электромобильдерді әкелуі кезінде кедендік төлемдерден ғана босату қарастырылған, ал салықтарды төлеулері қажет.

Бұл ретте, мұндай тауарлар шартты түрде шығарылған болып саналады және оларға да Ресей Федерациясына сатуға шектеулер қойылған.

Заңды тұлғалар тек Дүниежүзілік сауда ұйымының мөлшерлемелері шеңберінде кедендік баждарды төлеуден босатылады.

Серіктес жаңалықтары