Ұлыбританиядағы инфляция: бір айдағы баға бір жылдағыдай өскен
Инфляцияның негізгі қозғаушы күші энергия бағасының өсуі болған
Ұлыбританиядағы жылдық инфляция қазан айында рекордтық деңгейге жетті. Инфляцияның негізгі қозғаушы күші энергия бағасының өсуі болған. Британдық IRS статистика басқармасының мәліметтері бойынша, өткен айда тұрғын үй шығындарын есепке алмағанда тұтыну бағаларының индексі өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға жоғары болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Eadaily-ге сілтеме жасап.
Ұлыбританиядағы он екі айлық инфляция қыркүйекте 10,1% және тамызда 9,9%-ды құрады.
Британдық статистика басқармасының мәліметі бойынша, Ұлыбританиядағы тұтыну бағасы қазан айында қыркүйекке қарағанда орта есеппен 2% - ға жоғары болды. Бұл 2021 жылдың шілдесінде өлшенген он екі айлық инфляция деңгейіне сәйкес келді, яғни бағалар өткен айда өткен жылдағыдай өскен.