$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға жуық нәресте шала туады

ДСМ елімізде шала туған балалардың өмір сүру деңгейі 80%-ға жеткенін мәлімдеді

 

Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға жуық нәресте шала туады
Фото: baq.kz

Бүгін, 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған нәрестелер күні атап өтіледі. Қазақстанда неонатологтардың құзыреттілігі мен отандық орталықтарды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етудің арқасында балаларды оңалту жоғары деңгейде өтуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын әлемде 15 миллион сәби 40 аптада мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға дейін осындай сәбилер (4,9-5%) туылады, неонатологтардың жұмысының арқасында балалардың өмір сүру көрсеткіші артып, бүгінде 70-80 пайызға жетіп отыр.

Шала туған нәрестелер күні алғаш рет Венада 2009 жылы атап өтілді.  Бір жыл бұрын, 2008 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шала туған нәрестелерді күту жөніндегі бағдарламасына қосылды, оған сәйкес республикада 2008 жылдан бастап тірі туылу критерийлері енгізілді: жүктіліктің 22-аптасында (алты айдан басталатын мерзім) дене салмағы 500 грамм және одан да көп туылған нәрестелерді күту.

«2022 жылдың 9 айында елімізде 299 711 сәби дүниеге келді, олардың 16,3 мыңы – мерзімінен бұрын туған сәбилер.

Шала туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамуда», - делінген хабарламада.

Елімізде перинаталдық көмек жаңа туған нәрестелерге білікті мамандандырылған көмек көрсету мақсатында аймақтандыру қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Болашақ ата-аналар баласының денсаулығына қамқорлық жатырішілік кезеңнен басталатынын есте ұстауы керек.

«Елімізде барлық жүкті әйелдер ұрықтың дамуын міндетті түрде скринингтік тексеруден өткізеді (перинаталдық скрининг).  Қандай да бір патология анықталған кезде бейінді аралас мамандардың консилиумы жүргізіліп, онда әйелдің одан әрі босану тактикасы, әдісі және орны айқындалады», - дейді мамандар.

Қазақстанда 39 перинаталдық орталық және 2 республикалық деңгейдегі акушерлік ұйым жұмыс істейді, оларда жаңа туған нәрестеге дер кезінде медициналық көмек көрсету және қажет болған жағдайда босанғаннан кейінгі алғашқы күндері хирургиялық араласу жасау үшін әйел босанғанға дейін ауруханаға жатқызылады.

Баланың ауруларын ерте диагностикалау мақсатында, дүниеге келген соң бірден перзентханаларда тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды ерте анықтауға бағытталған және барлық жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға тексеруді қоса алғанда, неонатальды скрининг жүргізіледі.

«Барлық жаңа туған нәрестелерде және ерте жастағы балаларда (6 жасқа дейін қоса алғанда) есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында психофизикалық дамудың бұзылуын ерте анықтауға, балалардағы көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникациялардың бұзылуына бағытталған аудиологиялық скрининг, психофизикалық скрининг жүргізіледі.

Дене салмағы өте төмен және төмен туған балаларда (2500 г-нан аз) шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, одан кейін неғұрлым ерте мерзімде хирургиялық емдеу жүргізіледі», - дейді дәрігерлер.

Елімізде балалардың денсаулығын жақсарту, сондай-ақ нәресте өлімін азайту үшін бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 миллионнан астам баланы, скринингтік тексерулер – 1,6 миллионнан астам жас балаларды қамтитын профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беру үшін 1500-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары