$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы 2 млрд теңге жұмсалған

Әкімнің айтуынша қаланың құбыр желісі толықтай ескірген

Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы 2 млрд теңге жұмсалған
Фото: exk.kz

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының аумағы 1,5 есеге ұлғаятын болды. Облыстың әкімшілік орталығы мен жаңа қаланың орналасатын жері де анықталды. Жаңа қала Бақанас автожолының тұсынан түседі.Қапшағай су қоймасының солтүстік шығысындағы жазыққа салынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаланың бас жоспарына сәйкес 1 800 гектар жер бөлінген. Қазіргі қаланың көлемі 9 мың гектар екенін ескерсек, Қонаев шаһары алдағы уақытта екі есеге дейін ұлғаяды.

«Бас жоспарға байланысты бізде қазір 13 көпқабатты үй бюджет есебінен салынып жатыр. Оның үшеуінің құрылысы басталып кетті. Келесі жылы аяқтаймыз. Қалғандарына орын дайындаймыз. Одан бөлек инвесторлардың арқасында тағы да 107 үй салынады. Келесі жылдан бастап қазіргі қаланың инженерлік желісін түгел ауыстыруды бастаймыз. Қала салынғалы құбыр жүйесі ауыспаған, түгелдей ескірген. Қонаевтың аумағын кеңейту үшін екі аумақ таңдалды. Бірі – Алматы жолындағы Green City. Екіншісі – Жаңа Іле, Қапшағай су қоймасының солтүстік жағы. Жаңадан бас жоспар жасалды. Ол жуырда Үкіметтің қаулысымен бекітіледі. Халық саны алдағы бінеше жылда 200 мыңға дейін жетеді. Қала көшелеріне толықтай «Сергек» камералары орнатылады», - деді Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев.

Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы 2 млрд теңге жұмсалған. Қаржының басым бөлігі электр желілерін жаңартуға, су құбырын ауыстыруға, көгалдандыруға бөлінген. Қараусыз қалған көшелер жөнделіп, аулалар абаттандырылып жатыр. Мәселен Достық пен Мұқанов көшелері кеңейтілді. Су құбырын төсеу жұмысы басталды. Көріктендіру жоспарына сай 12 көпқабатты үйдің қабырғалары әрленіп, сырланып муралдар салынды. Көше бойы мен аулаларда дене шынықтыруға арналған құрылғылар орнатылып жатыр. Облыс орталығында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған нысандар орнатылады.

«Келесі жылы бізде скэйт парк ашылады. Жұмысты бастап кеттік. Ол Азиядағы үлкен скэйт парк болады. Жалпы 67 жобаның 22-сі іске асырылды. Көшелерді жаңартып жатырмыз. 2023 жылы аулаларады түгелдей жаңартамыз. Жарықтандыру мәселесі де шешіледі», - деді Қонаев қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Дархан Қарақонысов.

Қалада баспанаға деген сұраныс артып келеді. Жалдамалы пәтер бағасы да қымбаттап кеткен. Қазіргі уақытта тұрғын саны 52 мыңнан асады. Келер жылы халық саны тағы 20 мың адамға көбейеді деп болжанған. Шаһарда 240-тан астам көпқабатты үй бар. Биыл 60 пәтерлі 3 үйдің құрылысы басталды. Құрылыс нысандарын салуға жеке инвесторлар мен компаниялар тартылып жатыр. 

«Қонаев қаласында 900 орынға арналған мектептің құрылысына 2,7 миллиард теңге бөлінген. 2023 жылы 1200 және 900 орынға арналған тағы екі мектеп салынады. Халық саны артса әлеуметтік нысандарға деген қажеттіліктің туындайтыны анық. Қаланың даму жоспарында бұл жағы да ескерілген. «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында да екі мектептің құрылысы басталады», - деді қала әкімі.

Қаланың туристік әлеуеті жоғары. Жыл сайын Қапшағайға бір миллионнан астам адам көлге демалуға келеді. Сондықтан жағажайдың жағдайын жақсарту жұмысы да көп жоспардың бірі саналады.

Серіктес жаңалықтары