Солтүстік Корея Жапон теңізіне тағы да баллистикалық зымыран ұшырды

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

КХДР бұған дейін де бірнеше рет зымыран ұшырған болатын

КХДР Жапон теңізі бағытында анықталмаған баллистикалық зымыранды ұшырды, деп хабарлайды Yonhap News Agency.

КХДР егер АҚШ өз саясатын аймақта жалғастыра берсе, «қатал» соғыс қимылдарын жасайтынын бұған дейін де ескерткен.

Солтүстік Корея 9 және 3 қарашада Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымырандарын ұшырды.

5 қараша күні де Солтүстік Корея сары теңізге қарай төрт қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырды деп хабарланды.

Олар секундына 130 шақырымды ең жоғары жылдамдықпен және 20 км биіктікте ұшқан.