$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«АҚШ-ты қайтадан ұлы ел жасаймын»: Трамп сайлауға неліктен қатысатынын айтты

Бұрынғы президент 2024 жылғы президенттік сайлауға тағы қатыспақ

«АҚШ-ты қайтадан ұлы ел жасаймын»: Трамп сайлауға неліктен қатысатынын айтты
AFP

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылғы президенттік сайлауға түспек. Оның көмекшілері сайлауға ресми түрде өтініш берді, ал бұрынғы президенттің өзі Флоридадағы резиденциясына жиналған жақтастарының алддында сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

«Американың оралуы дәл қазірден басталады!» - деп жариялады Трамп.

Ол Ақ үйде өткізген төрт жылдық кезеңін мақтанышпен сипаттады.

«Осы қысқа төрт жылда елде бәрі керемет болды», - деді ол.

Трамп қызметінен кеткен кезде экономика коронавирустық эпидемиядан туындаған құлдыраудан тез қалпына келгенін айтты.

«Енді біз құлдырап бара жатқан елге айналдық», - деп сөзін жалғастырған ол соңғы 40 жылда ең жоғары деңгейге жеткен елдегі инфляцияның күрт өскенін еске салды.

Трамп сонымен бірге АҚШ-тың қазіргі президентін Украинадағы соғысты тоқтата алмағаны үшін елді ядролық соғыс шегіне жеткізді деп сынға алды.

«Тіпті бүгінде Ресей ұшырған зымыран Польшаға құладыі. Жұрт қатты ашуланып, тіптен абдырап қалды. Американы қайтадан ұлы және даңқты ету үшін мен бүгін Америка Құрама Штаттарының президенттігіне кандидатурамды ұсынамын», - деген ол жиналғандардың қошеметіне бөленді.

Трамп осы сәттен бастап 2024 жылы дауыс беру күніне дейін тарихта әлі ешкім күтпегендей күресетініне уәде берді.

«Біз демократиялық партияның радикалды солшылдарын жеңеміз, олар біздің елімізді іштен жоюға тырысады», - деп қорытындылады ол.

Бұрынғы вице-президент Майк Пенс немесе Флорида губернаторы Рон Десантис сияқты көрнекті саясаткерлер Трампқа қарсылас бола алады. Ол президент ретінде тек бір мерзімге сайланды және 2021 тағынан тайдырылды. Ол ешқашан өзінің жеңілгенін және қарсыластың жоғары дауыс жинағанын мойындамады.

Серіктес жаңалықтары