Валюта бағамы: 17 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Қазақстанның Ұлттық банкі 17 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни бейсенбіде доллар бағамы аздап төмендеп, 459,35 теңге болды.
Айта кетейік, сәрсенбі күні америкалық валюта 460,99 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,61 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 461 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 460 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 459,35 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 478,1 (еуро)
RUB / KZT – 7,61 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 24,68 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 64,88 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,44 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,12 (өзбек сомы).