$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бейсенбіде Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Бейсенбіде Қазақстанның басым аумағында қар жауады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде қар, күндіз аздап қар жауады. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -7-9 градус болады.

Алматыда бұлтты ауа райы болады, түнде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 0+2 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің алғашқы жартысында қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз +5+7 градус болады.

Серіктес жаңалықтары