Мұнда ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтар оңалтудан өтеді
Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Павлодар қаласындағы филиалында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy кандидаттың штабына сілтеме жасап.
Мұнда ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтар оңалтудан өтеді. Қоғам қайраткері әлемдік және отандық статистиканы атап өтті. Әлемде психоактивті заттарды белсенді түрде қолданатын шамамен 275 миллион адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепкер болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркелген. Оның ішінде 1,5 мың әйел бар.