Жигули Дайрабаев Махамбет ауданының тыныс-тіршілігімен танысты
Аудандағы медициналық мекеме, мектеп және мәдениет үйіне ат басын тіреді
Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Атырау облысына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кандидат Махамбет ауданында салынып жатқан жылыжайдың құрылысымен танысты. Кешен 5-6 гектар аумақты алып жатыр. Содан кейін Сарайшық музейіне барып, Алты Алаш тарихынан сыр шертер деректермен танысты. Көне қаланың Жайық өзені жағасындағы орнына да ат басын бұрды. Аудандағы медициналық мекеме, мектеп және мәдениет үйіне соқты. Саяси бірлестік өкілдері жергілікті шаруалармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Жалпы Махамбет ауданында әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлар қолайлы шешілген. Дегенмен бұл жерде де істелетін тірлік көп. Жаңағы кесененің құрылысы желтоқсан аяғында аяқталады. Бұл жерде газ бар екен, су бар екен», - деп атап өтті Жигули Дайрабаев.