Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде
Бүгін, яғни 16 қараша күні сағат 06:00 шамасында "Астана - Петропавл" автожолының 384 шақырымында Көкшетау қаласы жағынан келе жатқан Петропавл қаласының 51 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Toyota Land Cruiser Prado" және облыс орталығынан бет алып келе жатқан петропавлдық 51 жастағы тұрғынның басқаруындағы тіркемесі бар "Audi 100" автокөліктері соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Audi 100" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, 51 және 40 жастағы петропавлдықтар қаза тапты.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.