БҰҰ рейтингі: онлайн қызмет көрсету бойынша Қазақстан нешінші орында?
Цифрландыру бойынша еліміз үздік ондыққа кіреді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Стратегиялық бастамалардың форумында цифрландыру туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
“Қазақстан қазір цифрландыру бойынша әдіснамалық тұрғыда жақсы дамып жатыр. Электрондық үкімет бойынша рейтингте онлайн қызмет көрсету субиндексінде әлем бойынша 8-орындамыз. Бұл рейтинг Қазақстанда жасалмайды. Оны БҰҰ сарапшылары әзірлейді. Бұл-қуантарлық жағдай”,-деді Мусин.
Ол атағандай, электрондық үкімет порталы мемлекеттік қызмет көрсету мен ақпараттық алаңға әсер ететін жүйе болды. Бірақ біз басқа жолды таңдадық.
“Біз мемлекеттік мәліметтер базасын қолжетімді ете түстік. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар ақпарат алуда қиындық көрмейтін болды”,-деді ол.
Айта кетейік, форумға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары, ірі бизнес өкілдері, қоғам және саяси қайраткерлер, сондай-ақ экономика, саясат және басқа да сала мамандары қатысып жатыр.