Нұр-Сұлтанда бірінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды

Автор: Azattyq Rýhy

Сабақтар колледждің 1-2 курсстуденттері үшін де тоқтатылды

Фото: ашық дереккөзден

Елордада бірінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды Азаттық рухы тілшісі.

«19 ақпан, сәрсенбі күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы.