$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дала өртін сөндіру кезінде қаза болған Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер берілді

36 жастағы өрт сөндірушінің артында бес баласы мен жары қалған еді

Дала өртін сөндіру кезінде қаза болған Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер берілді

Абай облысында дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болған өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

12 қарашада «Фирма Азия» ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов Семей қаласының «Қарағайлы» ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Абай облысының Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Айдос Тоғызбаев ол кезде 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы мен жары қалды. 

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.

Серіктес жаңалықтары