Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, кей өңірде қар жауады
Сондай-ақ республика бойынша қатты жел соғуы мүмкін
Синоптиктер 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым аумағы әлі де атлантикалық циклон ықпалында болатындықтан, елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, еліміздің орталығында, оңтүстік-шысында жылдамдығы 30 м/с қатты жел соғады. Солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүсік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 30 м/с жетеді және одан қатты соғуы мүмкін.
Қостанай облысының шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстік жартысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, екпіні 17-22 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы шамамен 0 градус болуы мүмкін.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +8+10 градус болады.
Шымкентте күн бұлтты, таңертең және күндіз қатты жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр жауады). Батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +6+8 градус болады.