Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Маңғыстау облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
14 қараша сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен селосында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде шақырту түсті.
«Апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты. Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-да тіркелген (Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан).