Биыл қазақстандықтар алаяқтардың кесірінен 15 млрд теңгесінен айырылған
6 айдың ішінде онлайн-саудаға қатысты 6 мыңға жуық алаяқтық жасалған
Биыл азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемденуге қатысты 17,5 мың қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ең көп тараған түрі саналады. Сондықтан, алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл елімізде және бүкіл әлемде орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амал қолданады. Сол себептен мұндай қылмыстардың саны жылдан жылға көбейіп келеді.
«Жыл басынан бері 17,5 мың қылмыс тіркелді. Дегенмен, өткен жылы 17 900 қылмысты құраған көрсеткіштен төмен. Алаяқтардың іс-әрекеті салдарынан жыл басынан бері азаматтарға 15 млрд теңге шығын келтірілді», - деді Рүстем Дүйсетаев.
Орталығы бастығы орынбасарының дерегінше, 6 айдың ішінде онлайн-саудаға қатысты 6 мыңға жуық алаяқтық жасалған.
Сонымен қатар банктер мен микрокредит ұйымдарында жалған онлайн-займ рәсімдеудің 2,8 фактісі тіркелген.