$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Салтанат Тұрсынбекова әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынды

Оның айтуынша ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау қажет

Салтанат Тұрсынбекова әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынды
Фото ашық дереккөзден

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова 11 қарашадағы телекөпір барысында әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету керектігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол ұсынылып отырған бағдарлама қазақстандық отбасылардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Ол үшін әлеуметтік мәселелер бірінші орында.

Оның айтуынша, ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау қажет.

Сондай-ақ Тұрсынбекова кедейлікке қарсы күрес бағдарламасын әзірлеп, іске асырғысы келетінін, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешкісі келетінін айтты.

«Отбасыларға Ана капиталын беру және барлық баланы жәрдемақылармен қамтамасыз ету қажет», - деді Салтанат Тұрсынбекова.

Серіктес жаңалықтары