Сапарбаев әлеуметтік желілерде парақша ашты

Автор: Azattyq Rýhy

Жамбыл облысының әкімі Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Халықпен тиімді кері байланыс орнату - ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашқанды жөн көрдім. Өздеріңізбен өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынымызға сенімдімін. Біздің ортақ мақсатымыз - өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру», - деп жазды ол өзінің алғашқы жазбасында.

Жамбыл облысы басшысын фейсбукте Бердібек Сапарбаев нигі бойынша, instagram-да saparbayev_bm бойынша табуға болады.