Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
«Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді”, - делінген хабарламада.