$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе тұрғындарымен кездесті

Кандидант осы сапарында көгілдір отынға қосыла алмай отырған тұрғындарға барды

Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе тұрғындарымен кездесті
Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенті болуға үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбедегі «Жаңақоныс-4» және «Батыс-2» проблемалық тұрғын үй алаптары бойынша рейдке қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жергілікті тұрғындардың шағымдануына себеп көп екен. Мәселен, «жаңақоныстықтар» 2018 жылдан бастап газдың берілуін күтіп отыр. Жергілікті билік қыркүйек айының соңына дейін газ тартуға уәде берген. Алайда газ әлі күнге дейін пайдалануға берілмепті. Одан бөлек үйлерді құбырға қосу қажеттілігі туындайды, бұл тұрғындар тарапынан қосымша уақыт пен қаражаттың бөлінуін қажет етеді. Әкімдік болса, қиыршық тастың өзін жеткілікті көлемде жеткізе алмаған.

Осы себепті мен және менің партиям барлық деңгейдегі әкімдерді сайлауды енгізуді, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қажет деп келеміз, әрі қарай да осы мақсатта қызмет етеміз.

Тұрғындарға, мені сайлайтын болса, қазақстандықтардың өмір сапасының стандартын енгізетінімді айттым. Мемлекет әрбір азаматқа лайықты өмір сүру құқығына кепілдік беруі қажет», - деп түйіндеді сөзін Нұрлан Әуесбаев.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Сайлауға бас-ағы 6 үміткер түседі.

Серіктес жаңалықтары