$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұрлан Әуесбаев Шымкентте Қазығұрт шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Кандидат өзін жылы лебізбен қарсы алған шымкенттіктерге алғыс білдірді

Нұрлан Әуесбаев Шымкентте Қазығұрт шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Нұрлан Әуесбаев 90-шы жылдары мемлекеттің көмегінсіз Шымкенттегі Қазығұрт шағын ауданында инфрақұрылымдық жұмыстарды жүргізген. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«90-шы жылдардың басында билік бұл өңірде «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша жер телімдерін үлестірген-ді. Бірақ та инфрақұрылым жүргізілмеді, елді мекеннің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті дүниелер жасалмады. Сол кезде мен тұрғындардың, құрметті азаматтар мен кәсіпкерлердің қолдауымен алғашқы жергілікті өзін-өзі басқару органын құруды қолға алған едім.

Аз ғана уақыт ішінде су құбыры жүргізіліп, жолдар салынды. Мұның ешбіріне мемлекеттік бюджеттен бір тиын бөлінбеді.

1991 жылы мен Наурыз кенті кеңесінің төрағасы болып сайландым. Біраз ауқымды іс атқарылды. Бүгін мен сол еңбегімнің еленгеніне куә болдым. Жиын өткен акт залы адамға лық толы болды.

Қазығұрттықтарға жылы лебіздері мен қолдаулары үшін алғысымды білдіремін!» - деп жазды жазды кандидат Facebook парақшасында.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Серіктес жаңалықтары