$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұрлан Әуесбаев алматылықтармен кездесті

Ол өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Нұрлан Әуесбаев алматылықтармен кездесті
Фото ашық дереккөзден

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен аудиторияға сайлауалды бағдарламам туралы айтып бердім. Атап айтқанда, басты міндет – саяси реформалар. Онсыз экономиканы көтеру мүмкін емес. Сондықтан мен бір мандатты округтер бойынша сайланған 50% өзін-өзі ұсынған кандидаттардан тұратын күшті Парламент құруды жақтаймын», - деп жазды Нұрлан Әуесбаев Instagram парақшасында.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Сайлауға үміткер ретінде Парламенттегі үш партия мен ондаған қоғамдық ұйым біріккен «Халық» коалициясы ұсынған – Қасым-Жомарт Тоқаев, «Аманат» кәсіподақтар бірлестігі президенттікке кандидат етіп ұсынған Мейрам Қажыкен, «Ауыл» партиясынан кандидат – Жигули Дайрабаев, «Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы» ұсынған Қарақат Әбден, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған кандидат Нұрлан Әуесбаев түскелі отыр.

Серіктес жаңалықтары