$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мейрам Қажыкен Теміртауда кездесу өткізді

Үгіт-насихат жұмысы 19 қарашада аяқталады

Мейрам Қажыкен Теміртауда кездесу өткізді
Фото ашық дереккөзден

ҚР президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен Теміртауда Достық үйінде жекеменшік кәсіпорындардың қызметкерлерімен және салалық кәсіподақтардың мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy кандидаттың штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, кәсіпорындарда болып жатқан жайттар жайлы сөз қозғады.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркеген болатын.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы 2022 жылғы 21 қазанда басталып, сайлауға бір күн қалғанда, яғни 19 қарашада аяқталады. Ал 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. 20 қараша күні президент сайлауы өтеді.

Серіктес жаңалықтары