Биыл облыста 510 қасқыр атуға рұқсат берілді
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов қасқырлармен күрес туралы айтып берді. Бұл туралы YK-news.kz жазды.
Былтыр облыста 410 қасқыр атуға рұқсат берілген. Соған қарамастан орманда қасқыр популяциясы артып, үй жануарларына шабуыл көбейген. Әсіресе, Ұлан ауданының фермерлеріне оңай соқпаған.
17 ақпан күні тікұшақтан арнайы барлау жүргізіліп, Ұлан ауданы Алғабас ауылы маңында - 6, Жоғарғы Тайынты ауылының аумағында - төрт қасқыр атылды. Алдағы уақытта бұл мақсаттағы жұмыстар жалғасын таппақ.
«2020 жылы 510 қасқыр атуға рұқсат берілді. Оның ішінде осы күнге дейін 150 рұқсат пайдаланылды. Жыл басынан бері 10 қасқыр атылды», - деді Мұрат Құсайынов.