ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Тоқаев Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды

Президентке әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды. Президентке әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды. Сонымен қатар Президент Бас барлау басқармасы бөлімдерінің заманауи үлгідегі әскери құрал-жабдықтарымен және техникаларымен танысты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қазақстанның әскери барлау жұмысына оң баға беріп, халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рөлі арта түсетінін айтты. Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасына әскери барлау жүйесін одан әрі жетілдіру және дамыту жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырып, аталған бөлімдегі әскери қызметшілердің еңбегіне табыс тіледі», - делінген хабарламада.