Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын біржолата қолдайды – Президент

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауды қажет деп есептейтінін айтты

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде еліміздің барлық елдің территориялық тұтастығын қолдайтынын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын біржолата қолдайды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қатаң сақтауды қажет деп есептейді.

Бұл – еліміздің негізгі мүддесіне толығымен сай келетін қажетті қағидат. Сондықтан бұл қағидатқа басымдық ретінде баса назар аударамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы бүгін Самарқанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты.