$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Түркі жасыл қаржы кеңесін құруды ұсынды

Президент «жасыл экономиканы» дамытуды маңызды басымдық деп атады

Тоқаев Түркі жасыл қаржы кеңесін құруды ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде «Жасыл экономиканы» дамыту мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, ол Түркі жасыл қаржыландыру кеңесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Президенті «жасыл экономиканы» дамытуды маңызды басымдық деп атады.

«Жасыл экономиканы» дамыту – аса маңызды міндет. Климаттың өзгеруі көптеген жаһандық сын-қатерлер тудырып отыр. Бұл – бүкіл халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған мәселе. Оның экологиялық салдары елдеріміздің өркендеуіне кедергі келтіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлем елдері соңғы 7 жылда «жасыл» облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлді.

«Осы ретте, мен бұл саладағы капитал нарығын дамыту үшін «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынамын. Оны «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болар еді. Бүгінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі компаниялар арасында танымал болып, жоғары деңгейде мойындалды. Ол жаңа Кеңестің Хатшылығы қызметін атқара алады», - деді Қ. Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары