$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңадан құрылған үш облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын орталықтар ашылады

Ел бойынша қазір олардың саны-17

Жаңадан құрылған үш облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын орталықтар ашылады
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Ауыл әйелдерінің V мерейтойлық форумында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

“Ел бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық жұмыс істеп жатыр. Ол тұрақты даму мақсаттары мен әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Жоба былтырдан бастап жүзеге асырылса да, оның нәтижелерін көріп отырмыз. Келесі жылы жаңадан құрылған үш облыста аталған орталық ашылады”,- деді бірінші вице-министр.

Оның айтуынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша 8300 әйел орталыққа жүгінсе, оның 29 пайызы - ауыл әйелдері.

Форум аясында әйелдер кәсіпкерлігіне бағытталған әлеуметтік жобасының 10 жылдығы атап өтілді. 2013 жылдан бастап жоба негізінен Қазақстанның ауылдары мен аудандарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен және өз ісін ашуға дайын 60 мыңнан астам әйелді дайындады.

Серіктес жаңалықтары