$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде «Жүрекпен көрген әлемім» атты өнер фестивалі өтті

13 қарашада Халықаралық зағиптар күні аталып өтеді

Ақтөбеде «Жүрекпен көрген әлемім» атты өнер фестивалі өтті

Халықаралық зағиптар күніне орай «Жүрекпен көрген әлемім» атты өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

1784 жылғы 13 қараша – Парижде зағиптарға арналған әлемдегі тұңғыш интернатты ашқан, ағартушы, тифлопедагогиканың негізін қалаушы француздық Валентина Гаюидің туған күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы күн Халықаралық зағиптар күні боп белгіленген.

«Геолог» мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен Қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халықаралық зағиптар күніне арналған «Жүрекпен көрген әлемім» атты өнер фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – Халықаралық зағиптар күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген қызығушылығын арттыру. Көз жанарынан айрылған жандардың талантын, жан-жақты және қоғамның толыққанды мүшесі екенін таныту.

Өнер фестивалінде қалалық зағиптар мәдениет үйінің өнер ұжымдарымен қатар, арнайы Алматы қаласынан «Сәт» триосының мүшесі, әнші Әбілдаев Азат Бақытұлы және сентизаторда ойнаушы, өнерлі жас талант Жетісулық Арғынұлы Нұрдана, Атырау облысынан Нұрлан Өнербаевтың шәкірті, «Жас қанат» байқауының жеңімпазы Смадияр Мырзағалиев Ғайненұлы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші Марат Айтимов өнер көрсетіп, көрермендердің жүректерін жаулады.

Фестивальге Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сағынқызы Сисенова қатысып, мәдениет саласының дамуына айрықшы үлес қосып жүрген Зағиптар мәдениет үйінің қызметкерлері және өнерпаздарын Қала әкімдігі атынан «Мәдениет үздігі» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапаттады.

Фестиваль соңында қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі гимнінің тұсаукесері өтті.

Серіктес жаңалықтары