$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы әкімдігі Ы. Алтынсариннің ескерткішіне қатысты түсініктеме берді

Белсенділер ескерткіштің 223 см-ге қысқа екенін айтты

Алматы әкімдігі Ы. Алтынсариннің ескерткішіне қатысты түсініктеме берді

Көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің ескерткішіне қатысты дау толастар емес. Қоғам белсенділері ағартушының 180 жылдығына арналған мерейтой барысында тұрғызылған ескерткішінен кемшіліктер тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

69 миллион теңгеге тұрғызылған ескерткіштің құжат жүзіндегі бойы іс жүзінде сәйкеспейтінін жарияланды. Мүсін Әуезов ауданы Ы. Алтынсарин көшесінің бойындағы әкімдіктің аллеясында орнатылған. Ашылу салтанаты былтыр 30 желтоқсанда өткен болатын.

«Ескерткіш Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген монументалды өнер ғимараттарын орнату қағидаларына сәйкес орнатылды.

2021 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің монументалды өнер ғимараттарын орнату жөніндегі комиссиясының отырысында 3 эскиздік жоба қаралды. Нәтижесінде ескерткіштің эстетикалық келбеті туралы кейбір ескертулермен «№ 112200» эскиздік жоба мақұлданды.

Жоғарыда көрсетілген ескертулерді назарға ала отырып, 2021 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия Ы. Алтынсаринге орнатылған ескерткіш жанында көшпелі кеңес өткізді. Ескерткіштің ауқымы ғимараттың биіктігіне сәйкес келмеуі салдарынан тұғырдың көлемін 350 см-ден 165 см-ге қысқарту туралы комиссиялық шешім қабылданды. Бұл шешім көшпелі кеңестің хаттамасында тіркелген», - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, ескерткіштің биіктігі өзгерген жоқ, тұғыры қысқарған.

Әлеуметтік желілерде ескерткіштің биіктігі – 350 см, ал тұғырдың биіктігі 177 см екені көрсетілген. Ескерткішті «Aspantau Construstion» ЖШС дайындап орнатқан.

«Авторлардың ақпаратына сәйкес, ескерткіш техникалық сипаттамаға сәйкес OCS 545 маркалы қоладан жасалған. Тұғырдың биіктігі – 165 см, ал фигуралар оның ажырамас бөлігі болып саналатын подиумды қосқанда 400 см.

Бастапқы критерийлер бойынша дайындалған тұғыр комиссияның шешімімен қысқарғаннан кейін қалған материал (тас) одан әрі пайдалануға жарамсыз болып шықты және әлі күнге дейін «Aspantau Construstion» ЖШС аумағында сақталуда.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы бүгін ескерткішті бақылау өлшеуін жүргізіп, ғимарат авторлары көрсеткен параметрлерді растады», - делінген хабарламада.

Ал ескерткішті сынаған белсенділер 68 750 000 мың теңге жұмсалған мүсін іс жүзінде 223 см-ге қысқа екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары