$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әскерилерді қызметтік үймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Қаулының жобасы "электрондық үкімет" порталында жарияланды

Әскерилерді қызметтік үймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Фото: ашық дереккөзден

Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарулы күштердің Әскери инфрақұрылымының бас басқармасы "Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулыларының жобаларын әзірледі.

Құжат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әскери қызметі және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленді. Нормативтік құқықтық құжатта әскери қызметшілерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін алу бөлігінде бірқатар түзетулер енгізу көзделген.

Өзгерістер мен толықтырулар біржолғы тұрғын үй төлемдерінің артық төленуіне жол бермеуге бағытталған. Оны ипотекалық кредит бойынша негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде төлеу ұсынылады. Сондай-ақ, нормалар әскери қызметшілерді тұрғын үй төлемдерінің қалдықтарын ипотекалық несиені мерзімінен бұрын өтеуге жіберуге міндеттейді және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда тұрғын үй төлемдерін пайдалану тәртібін реттейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен "электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде 21 қарашасына дейін танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары