$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2020, 11:21
Жаңалықтар

Біртанов коронавируспен күреске бөлінген 2 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын айтты

Министрдің айтуынша, бұл қаражат үкімет қаулысы арқылы бөлінеді 

Біртанов коронавируспен күреске бөлінген 2 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын айтты
Фото: Батыржан Беспаев

Үкімет кулуарында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен күреске бөлінген 2 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Министрдің айтуынша, короновируспен күреске қаражат үкімет қаулысы арқылы бөлінеді.

«Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің емес, Үкіметтің қызметтік пайдалану режіміндегі қаулысы. Шынымен де айтып берер едім, бірақ оған менің құқығым жоқ», - деді министр.

БАҚ өкілдерінің сауалдарына орай, министр қаражаттың қайда бағытталғанын атап өтті.

«Жалпы алғанда, қаражат бетперде, костюм, көзәйнек, зарарсыздандыратын құралдар, зертхана, тепловизорлар, диагностикалауға арналған зертханалық жабдықтар сынды қорғаныс заттарын сатып алуға жұмсалатындығын айта аламын. Себебі ауқымды диагностика жүргізіледі. Дәрігерлерден бөлек, шекарашыларға арналғаны да бар. Ал, бұл қызметтік ақпарат», - деді министр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары