Петропавлда 2-ЖЭО-да алған жарақатынан жұмысшы қаза болды
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр

Петропавлда 2-ЖЭО-да алған жарақатынан жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл 2-ЖЭО аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сол күні аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.
Қазіргі уақытта істің мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.
Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалатын болады.