Астанада қарашаның соңында Сирия процесінің кезекті раунды өтеді
Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты
Астанада қарашаның соңында Сирия процесінің кезекті раунды өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сирия келіссөздері қарашаның аяғында өтеді. Астана форматындағы кепіл елдер ретінде Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының өкілдері: Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігіне және аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына өздерінің мызғымас адалдықтарын қуаттады және бұл қағидаттарды жалпыға бірдей сақтау және құрметтеу қажет екенін баса айтты. Біз әлемдегі және аймақтағы жағдайдың дамуын қарастырып, Сирия дағдарысын тұрақты реттеуді қамтамасыз етудегі Астана процесінің жетекші рөлін атап өттік. Олар терроризмнің барлық нысандары мен көріністерімен күресу және Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған және көршілес елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін сепаратистік жоспарларға қарсы тұру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға бел байлайтындықтарын білдірді», - делінген хабарламада.