Түркістан облысында аулаларды су басты

Автор: Azattyq Rýhy
фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысының Төлеби ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін 25 жер үй мен балабақша ауласын су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері жауын-шашын салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 200 қап құм төселді. Тағы 300-ге жуық инертті материалдар салынған қап төсеу жоспарланған.

«Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауға алды», - деп көрсетті Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.