«Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» тауар биржасына айыппұл салынды
«Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» тауар биржасы» біліктілік талаптарына сай болмай шықты

«Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Тауар биржаларының қызметін біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша келіп түскен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының ұсынымын орындау шеңберінде агенттік «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
«Істерді қарау қорытындысы бойынша «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ жалпы сомасы 192 970 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда «Қазақстандық электрондық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ-мен айыппұл сомасы толық көлемде төленді», - делінген хабарламада.