Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады
Құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады», - делінген хабарламада.
Астана қаласының әкімдігі ақшаңызға абай болу керек екені ескертеді және рұқсат құжаттары жоқ тұрғын үйлердің пәтерлерін сатып алуды қолдамайды (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы).
Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жаза қарастырылған.
Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к-сі, 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге хабарласуыңызды сұраймыз.
Өзара байланыс телефондары: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03.