Қазақстанда 708 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың 86-ы стационарда ем қабылдауда

фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 5 қарашадағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

5 қарашадағы мәлімет бойынша, 708 адам коронавирус инфекциясынан (-562 + және 146 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 86 пациент стационарда, 622 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр,  3 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.