$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының элиталық ауданында порностудия ашқан ер адам ұсталды

Онда есірткі үшін 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген

Алматының элиталық ауданында порностудия ашқан ер адам ұсталды
фото: Polisia.kz

Алматыда есірткі сатушы мен порностудия иесі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 20 жастағы В. есімді азаматты қолға түсірді.

«Ол жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту барысында күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі салынған бума тәркіленді. Мәміле болған жоқ. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі психотроптық зат меткатинон – 4метилметкатинон (мефедрон) аналогы. Сонымен қатар осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі – 26 жастағы М. есімді азаматқа қатысты да жедел және арнайы іс-шаралар өткізілді. Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізілді. Оның үйі нашақорлар жиналатын орынға айналған. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы тексеріліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтынатын орынның иесі порностудияны да құрған.

Ол Алматы қаласының элиталық шағын ауданында орналасқан.

«Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел деректерге сәйкес, олар – нашақорлар. М. есімді азамат оларды есірткімен қамтамасыз етеді. Порнографиялық мазмұндағы бейнероликтер таратылатын WEBKAM студияны ер адам бірнеше ай бұрын құрған. Қазіргі уақытта оның әрекетін ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешілуде. Негізгі қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Әлмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары