МАГАТЭ Украинадағы нысандардан «арам бомбаның» белгілерін тапқан жоқ
Бұған дейін Ресей ол жерлерде «арам бомба» жасалып жатыр деген айып таққан болатын
Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Украинаның үш нысанында жасырын ядролық жұмыстың белгілерін тапқан жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттіне сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін Ресей Украинаның осы үш нысанын көрсетіп, ол жерлерде «арам бомба» жасалып жатыр деген айып таққан болатын.
МАГАТЭ-нің мәлімдемесінде жазылғандай, Украинаның шақыруы бойынша осы нысандарды тексеруге барған ұйымның инспекторлары Киев, Шығыс кен-байыту комбинаты мен «Оңтүстік машина құрылыс зауытының» өндірістеріне еш кедергісіз кірген.
«Агенттік жасырын ядролық қызметтің белгілерін, осы нысандарда ешқандай құралдар тапқан жоқ», - деп жазылған ұйымның ресми мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ресейдің бірнеше жоғары шенді әскери азаматтары мен дипломаттары Украинаны «арам бомба» жасап жатыр деп айыптаған болатын. Ресейліктер «Украина ол бомбаларды атып, артынша «бұны Ресей істеді» деп жала жабады» дейді.
Дегенмен, халықаралық агенттік инспекторлары Украина аумағында бұл нысандарда жасырын ядролық қызметтің белгілері жоқ екенін дүниежүзіне мәлім етіп отыр.